Арлан мен Бейбарыс құрғақ жеңіске жетті, Ақтөбе жеңістер шеруін жалғастырды

29 qyrkúıek
1094

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында үш матч өтті.

«Снежные Барсы» Көкшетауда «Арланның» қақпасын ала алмады. Алаң иелері Данила Карабань мен Данила Ларионовтың арқасында екі рет артық құрам ұйымдастырып, сенімді түрде жеңіске жетті.

«Арлан» - «Снежные Барсы» 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 - 04:43 - Жарков (Москалёв, Кабатаев)

2:0 - 27:49 - Карабань (Лихотников, Клочков) ГБ

3:0 - 29:31 - Ларионов (Преснов, Карабань) ГБ

Қақпашылар: Грязнов (Дударкиев, 50:50-60:00) – Пестов

«Бейбарыс» «Алматыны» өз алаңында минималды есеппен жеңді. Атыраулықтарға жеңісті екінші үзіліске таяғанда Егор Кутугин салған дөп соққы, сондай-ақ Салим Базарбековтің 30 сэйві сыйлады.

«Бейбарыс» - «Алматы» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 35:51 - Кутугин ГБ

Қақпашылар: Базарбеков - Шалманов

«Хумо» «Ақтөбеге» қарсы алғашқы түздегі матчты сенімді өткізді. Бұл ойынның тағдырын үшінші кезең шешті: ташкенттік ұжым үш нәтижелі шабуыл жасады. Жеңіс шайбасы Вадим Кравченкоға тиесілі. Алаң иелері ақтық ысқырыққа 14 секунд қалғанда ғана құрғақ жеңілістен құтылды.

«Ақтөбе» - «Хумо» 1:4 (0:1, 0:0, 1:3)

0:1 - 05:53 - Кириллов (Трунев, Кравченко)

0:2 - 42:38 - Кравченко (Игнатушкин, Трунев)

0:3 - 45:21 - Рехтин (Дорофеев, Шингареев)

0:4 - 49:31 - Журавлев (Боровиков)

1:4 - 59:46 - Акишин (Кучин) ГБ

Қақпашылар: Шаров (Ершов, 49:31-60:00) - Смирягин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.