Құлагердің құрғақ жеңісі, Горняк пен Ертіс овертаймға шықты

27 qyrkúıek
723

Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасты.

Дмитрий Исмагиловтың дублі «Сарыарқаға» қатарынан сегізінші жеңісін сыйлады. Бүгін қарағандылықтар елордада тағы да «Номадтан» басым түсті. Қонақтардың қақпашысы Денис Каратаев қақпаға бағытталған 20 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Арлан» 1:3 (1:1, 0:0, 0:2)

1:0 - 11:11 - Гайтамиров (Нургалиев, Грачев) ГБ

1:1 - 16:21 - Яковлев (Дёмин) ГМ

1:2 - 45:24 - Исмагилов (Клещенко) ГБ

1:3 - 58:04 - Исмагилов (Дёмин)

Қақпашылар: Калмыков - Каратаев

«Құлагер» «Торпедоның» арынын басты. Командалар ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады, алайда қорытынды кезеңде Илья Ахметовтің дөп қимылдары алаң иелеріне есеп ашып, жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Петропавлдықтардың голкипері бүгін 29 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Торпедо» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 53:58 - Ахметов (Лызин, Гевель)

2:0 - 59:39 - Подшендялов ПВ

Қақпашылар: Кадочников - Янков

«Ертіс» Рудныйда бір балл жинады, үшінші кезеңнің соңғы минуттарында негізгі минуттағы жеңілістен құтылды. Алайда жеңіс дегенмен «Горнякқа» бұйырды. Дубль жасаған Арслан Ямалов матчтың тағдырын шешті.

«Горняк» - «Ертіс» 4:3 ОТ (2:1, 0:1, 1:1, 1:0)

0:1 - 10:11 - Атаханов (Олендаренко, Асуханов) ГБ

1:1 - 11:13 - Кунишников (Галимов, Коваленко)

2:1 - 13:42 - Ямалов

2:2 - 32:36 - Асуханов (Атаханов, Абдрашитов)

3:2 - 52:19 - Коваленко (Щёкин, Ширяев) ГБ

3:3 - 55:11 - Левитский (Атаханов, Олендаренко) ГБ

4:3 - 60:46 - Ямалов (Юлбарисов, Куршук)

Қақпашылар: Акулинин - Штукерт

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.