Бүгін хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында үш жекпе-жек өтті.
«Хумо» «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. Антон Рехтин дубль жасады, жеңіс шайбасы да өзіне тиесілі. Ташкенттік команда плей-офф аймағына оралды және салынған және өткізілген шайбалар айырмасы графасында минустан шықты.
«Бейбарыс» - «Хумо» 2:5 (0:1, 1:3, 1:1)
0:1 - 19:04 - Рехтин (Дорофеев)
0:2 - 24:12 - Кравченко (Зимин, Игнатушкин) ГБ
0:3 - 25:00 - Рехтин (Шингареев, Дорофеев)
1:3 - 35:27 - Маркелов (Иванов)
1:4 - 37:07 - Трунев (Игнатушкин)
2:4 - 44:23 - Скатов (Тесленко, Мищенко)
2:5 - 57:13 - Кириллов ПВ
Қақпашылар: Доненко - Смирягин
«Сарыарқа» «Номадтың» арынын басты. Жеңіс шайбасын өткен маусымда «көшпенділердің» намысын қорғаған Захар Пархоменко салды. Қарағандылықтар қатарынан жетінші матчта жеңіске жетті және чемпионатта көш бастап келеді.
«Номад» - «Сарыарқа» 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)
1:0 - 04:50 - Логвин (Диханбек, Морожников)
1:1 - 14:55 - Борисов (Пархоменко, Сиксна)
1:2 - 35:22 - Борисевич (Сиксна, Холькин)
1:3 - 46:36 - Пархоменко (Анохин, Лагунов)
2:3 - 54:48 - Пелевин (Омирбеков, Недилько) ГБ
Қақпашылар: Шутов - Каратаев
«Ақтөбе» тағы да «Алматыдан» басым түсті. Бүгін оңтүстікастаналық ұжым қарсыластың қақпасын ала алмады, алайда елдің Батысында ұпай жинаудың реті түспеді. Жеңіс шайбасының авторы – Илья Овечкин.
«Ақтөбе» - «Алматы» 2:1 (1:0, 0:1, 1:0)
1:0 - 16:09 - Кучин (Киселёв, Потайчук)
1:1 - 34:10 - Ваулин (Филиппенко, Маркабаев) ГБ
2:1 - 54:56 - Овечкин (Хоменко, Степанов)
Қақпашылар: Ершов - Вилардо
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.