Бейбарыс пен Ақтөбе Сарыарқаның ізін қуып келеді

25 qyrkúıek
1001

Хоккейден ел чемпионаты Қазақстанның батысында екі матчпен жалғасты.

«Бейбарыс» пен «Хумо» 11 шайба салып, тартысты ойын көрсетті. Бұл тартыста атыраулықтар дәлірек көздеді: үш рет артық құрам ұйымдастырып, айып соққысын салды. Дмитрий Тесленко мен Артём Бурделёв өз есебіне екі голдан салды. Артём Аргоковтың командасы чемпионат басталғалы бері бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, бұл «Бейбарысқа» үздіктер үштігінен табылуға мүмкіндік береді.

«Бейбарыс» - «Хумо» 7:4 (1:2, 4:1, 2:1)

0:1 - 13:31 - Шингареев (Боровиков, Дорофеев)

0:2 - 13:42 - Легалин (Кондратьев)

1:2 - 16:21 - Ананичев (Кондратьев, Бурделёв) ГБ

1:3 - 20:36 - Кравченко (Кириллов, Трунев) ГБ

2:3 - 24:03 - Тесленко (Гусейнов)

3:3 - 26:31 - Тесленко (Болякин, Дыньков) ГБ

4:3 - 29:09 - Воробьев ШБ

5:3 - 34:00 - Бурделёв (Кутугин)

5:4 - 48:27 - Игнатушкин (Кравченко, Кириллов) ГБ

6:4 - 54:31 - Бурделёв (Кондратьев, Ананичев)

7:4 - 56:46 - Кузнецов (Тесленко) ГБ

Қақпашылар: Доненко - Смирягин

«Ақтөбе» «Алматыны» ойсырата жеңіп, «Сарыарқаны» өкшелеп қуып келе жатыр. Үш балды өз есебіне Иван Кучин жазды. Алаң иелерінің қақпашысы Дмитрий Шаров қақпаға бағытталған 40 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Алматы» 7:0 (2:0, 3:0, 2:0)

1:0 - 11:10 - Акишин (Кучин, Потайчук) ГБ

2:0 - 19:09 - Митряков (Кучин, Потайчук) ГБ

3:0 - 28:42 - Ильин

4:0 - 34:06 - Хоменко (Ильин)

5:0 - 34:56 - Юдин (Митряков, Горожанинов)

6:0 - 58:02 - Александров (Сошников)

7:0 - 59:16 - Кучин (Киселёв, Горожанинов)

Қақпашылар: Шаров – Вилардо, (Колесников,34:06-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.