Снежные Барсы командасының маусымдағы алғашқы жеңісі, Ертіс Құлагерден басым түсті

23 qyrkúıek
713

Pro Ligasy-ның бүгінгі ойын күні бірнеше қызықты нәтижеге куә қылды.

«Снежные Барсы» мен «Торпедо» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Нәтижесінде басталған чемпионаттағы алғашқы жеңісіне елордалық ұжым қол жеткізді. Жеңіс шайбасы Алмаз Мұқановқа тиесілі. Сонымен қатар матч барысында 38 соққыға тойтарыс берген алаң иелерінің қақпашысы Владислав Пестовті атап өткен жөн.

«Снежные Барсы» - «Торпедо» 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 23:04 - Дзедаев (Зубов) ГМ

1:1 - 24:18 - Цыбин (Царёв, Сапарбек) ГБ

2:1 - 48:56 - Комаров (Смольянинов, Есмурзиев) ГБ

2:2 - 52:09 - Архипов (Синицын, Дзедаев)

3:2 - 65:00 - Муканов ПБ

Қақпашылар: Пестов – Янков

«Номад» «Арланнан» қарымта қайтарды. Бұл текетіресте шешуші шайбаны финалдық ысқырыққа үш минуттан астам уақыт қалғанда «көшпенділердің» жаңа ойыншысы Кирилл Казаков салды. Әлихан Өмірбеков дубль жасап, өз командасының осы матчтағы барлық нәтижелі шабуылдарына қатысты.

«Арлан» - «Номад» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

0:1 - 00:29 - Омирбеков (Колобов, Казаков)

1:1 - 15:01 - Клочков (Ларионов, Гребенщиков) ГБ

2:1 - 21:45 - Карабань (Меньщиков, Полохов) ГБ

2:2 - 33:38 - Омирбеков (Тетерин, Колобов)

2:3 - 56:40 - Казаков (Пелевин, Омирбеков) ГБ

Қақпашылар: Мейдер - Шутов

«Сарыарқа» жеңіс шеруін жалғастыруда. Бүгін рудныйлықтар қарағандылықтармен текетіресте қарсыластың қақпасын ала алмады. «Құрғақ» матчты өз есебіне 25 соққыға тойтарыс берген Артём Микушин жазды. Жеңіс шайбасы Захар Пархоменкоға тиесілі.

«Горняк» - «Сарыарқа» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 12:51 - Пархоменко (Лагунов, Исмагилов)

0:2 - 40:30 - Сиксна (Злобин, Борисевич)

Қақпашылар: Скрынников - Микушин

Петропавлда «Ертіс» күтпеген жерден «Құлагерді» жеңіп кетті. Кездесу айтарлықтай нәтижелі болды. Шешуші шайбаның авторы – Нияз Абдрашитов. Павлодарлықтар чемпионат басталғалы бері екінші рет жеңіске жетіп, қосымша көрсеткіштер бойынша ғана плей-офф аймағынан тыс қалып отыр. Владимир Капуловскийдің ойыншылары қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.

«Құлагер» - «Ертіс» 3:4 (1:0, 1:2, 1:2)

1:0 - 07:46 - Своеволин (Шульга, Рыжий)

1:1 - 30:33 - Атаханов (Асуханов, Левитский)

2:1 - 33:00 - Васильев (Старцев, Подшендялов)

2:2 - 36:18 - Гончаров (Олендаренко, Абдрашитов) ГБ

2:3 - 53:22 - Петросян (Чалов, Жорабек)

2:4 - 56:06 - Абдрашитов (Атаханов, Асуханов)

3:4 - 58:16 - Подшендялов (Штайгер, Васильев)

Қақпашылар: Хозяшев - Штукерт

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.