Арлан Номадты жеңді, Сарыарқа ұпай жоғалтпады

22 qyrkúıek
721

Хоккейден Қазақстан чемпионатының екі матчы өтті.

«Арлан» маусымдағы алғашқы үй матчында «Номадты» қиналмастан жеңді. «Көшпенділер» есеп 0:4 болған кезде ғана ойынға оралды, алайда жағдайды түзетуге уақыт жетпеді. Жеңіс шайбасы Александр Меньщиковке тиесілі.

«Арлан» - «Номад» 4:2 (2:0, 2:0, 0:2)

1:0 - 02:37 - Ларионов (Преснов, Костромитин)

2:0 - 06:20 - Карабань (Лихотников, Меньщиков) ГБ

3:0 - 29:51 - Бердников (Гребенщиков, Клочков)

4:0 - 35:12 - Меньщиков (Михнин, Карабань) ГБ

4:1 - 48:28 - Колобов (Диханбек, Тетерин)

4:2 - 52:17 - Нургалиев (Грачев, Колобов) ГБ

Қақпашылар: Мейдер – Шутов

«Сарыарқа» «Горняктан» жеңісті жұлып алды. Рудныйлықтар ел чемпионына соққыны боратты, алайда соңғы кезеңнің ортасына қарай қарағандылықтар Антон Злобиннің арқасында артық құрам ұйымдастырып, екі балл жинады. Петерис Скудраның ойыншылары бұрынғыша ұпай жоғалтпастан келе жатыр.

«Горняк» - «Сарыарқа» 3:4 (1:0, 2:3, 0:1)

1:0 - 17:35 - Ширяев (Кунишников, Степанов)

1:1 - 21:54 - Исмагилов (Пархоменко, Лагунов)

1:2 - 24:02 - Пархоменко (Исмагилов, Борисов)

1:3 - 27:03 - Расулов (Борисевич, Борисов)

2:3 - 30:37 - Юлбарисов (Степанов, Ямалов)

3:3 - 35:09 - Степанов (Юлбарисов, Садиков)

3:4 - 47:03 - Злобин (Клещенко) ГБ

Қақпашылар: Скрынников - Каратаев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.