Бейбарыс пен Ақтөбе үштікте, Атаханов хет-трик жасады

18 qyrkúıek
848

Хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті ойын күні аяқталды.

«Бейбарыс» «Торпедодан» қарымта қайтару үшін біршама тер төкті. Жеңіс шайбасы Дмитрий Тесленкоға тиесілі. Қонақтардың қақпашысы Богдан Доненко қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістіктен кейін атыраулықтар лиганың турнир кестесінде екінші қатарға шықты.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

0:1 - 38:28 - Воробьев (Бурделёв, Иванов)

0:2 - 52:56 - Тесленко (Скатов)

1:2 - 56:12 - Зубов (Алдабергенов, Шин)

Қақпашылар: Осокин – Доненко

Диас Атахановтың хет-тригі «Ертісті» «Ақтөбемен» екінші жекпе-жектегі жеңілістен құтқара алмады. Қонақтар бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, екі балл жинады және чемпионаттағы үшінші орынға шықты. Жеңімпаздар құрамынан шешуші шайба тәжірибелі Евгений Гасниковке тиесілі.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 3:4 (1:3, 1:0, 1:1)

1:0 - 00:09 - Атаханов (Абдрашитов)

1:1 - 07:28 - Кучин (Александров, Григоркевич)

1:2 - 11:22 - Хоменко (Акишин)

1:3 - 16:31 - Сошников (Александров, Гасников) ГБ

2:3 - 20:30 - Атаханов (Абдрашитов)

2:4 - 40:25 - Гасников (Митряков, Степанов)

3:4 - 53:39 - Атаханов ГМ

Қақпашылар: Нечвиенко – Шаров 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.