Арлан маусымдағы нәтижелілік рекордын орнатты, Торпедо бірінші жеңісіне қол жеткізді

17 qyrkúıek
971

Сенбінің кешінде қазақстандық хоккейсүйер қауым үш жекпе-жекті тамашалады.

«Арлан» «Снежные Барсы» командасын ірі есеппен жеңді. Елордалық ұжым құрғақ жеңілістен құтылды, алайда өз қақпасына он шайба өткізіп алды. Көкшетаулық ұжым қазіргі таңда ағымдағы маусымдағы нәтижелілік рекордын орнатты. Данила Карабань хет-трик рәсімдеді, қарсыласты екі рет Артём Лихотников састырды.

«Снежные Барсы» - «Арлан» 1:10 (0:3, 1:4, 0:4)

0:1 – 06:07 – Меньщиков (Карабань, Полохов) ГБ

0:2 – 16:08 – Карабань (Лихотников, Клочков)

0:3 – 16:38 – Лихотников (Жарков, Костромитин)

1:3 – 24:08 – Ермак (Шапоров, Царёв)

1:4 – 29:50 – Гребенщиков (Михнин, Карабань) ГБ

1:5 – 30:55 – Михайлов (Костромитин, Жиляков) ГБ

1:6 – 39:30 – Михнин (Лихотников, Клочков)

1:7 – 48:47 – Королинский (Егоров, Меньщиков)

1:8 – 49:39 – Карабань (Михайлов)

1:9 – 55:29 – Карабань (Ларионов)

1:10 – 56:08 – Лихотников (Костромитин, Полохов)

Қақпашылар: Дубинскас (Шефер, 30:55-60:00) – Грязнов

«Торпедо» мен «Бейбарыс» арасындағы матч негізгі уақыттан асып кетті. Овертаймда Александр Архипов артық құрам ұйымдастырып, алаң иелеріне маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлады.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 3:2 ОТ (1:2, 0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 07:44 - Назаренко (Зубов)

1:1 - 09:37 - Тесленко (Мищенко, Скатов)

1:2 - 18:17 - Кондратьев (Кузнецов)

2:2 - 50:37 - Панченко (Тютюньков Д., Назаренко)

3:2 - 64:08 - Архипов (Петров) ГБ

Қақпашылар: Янков – Доненко

«Ертіс» пен «Ақтөбе» жеңімпазды тіпті буллиттер сериясында анықтады. Нәтижесінде павлодарлықтар маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Дубль жасаған Василий Нарзяевтің соққысы матчтың нүктесін қойды.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 4:3 Б (1:0, 1:0, 1:3, 0:0, 1:0)

1:0 - 17:48 - Олендаренко (Атаханов) ГБ

2:0 - 33:00 - Нарзяев (Билимбаев, Лисицын) ГБ

2:1 - 41:27 - Александров (Воронин, Григоркевич) ГБ

3:1 - 45:19 - Атаханов

3:2 - 49:58 - Хоменко (Григоркевич, Воронин)

3:3 - 57:57 - Сошников (Гасников)

4:3 - 65:00 - Нарзяев

Қақпашылар: Штукерт - Ершов (Шаров, 33:00-65:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.