Люк Тардиф Снежные Барсы – Арлан матчын ашты

16 qyrkúıek
1344

Хоккейден Қазақстан чемпионатының текетірестері жалғасуда.

«Снежные Барсы» және «Арлан» арасындағы бүгінгі матчты елордада Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф пен Қазақстанның хоккей федерациясы президенті Асқар Мамин ашты.

Кездесу маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген көкшетаулық ұжымның пайдасына шешілді. «Арлан» әрбір кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, қорғаныста айтарлықтай сенімді ойнады.

«Снежные Барсы» - «Арлан» 1:6 (0:2, 1:2, 0:2)

0:1 - 05:53 - Москалёв (Жарков, Чеботов)

0:2 - 19:58 - Клочков (Полохов, Карабань)

0:3 - 22:43 - Жиляков (Михайлов, Степаненко)

1:3 - 25:38 - Авдеенко (Цыбин, Царёв) ГБ

1:4 - 33:54 - Колесников (Полохов) ГБ

1:5 - 42:25 - Михайлов (Москалёв, Жиляков)

1:6 - 47:00 - Лихотников (Полохов, Меньщиков) ГБ

Қақпашылар: Пестов – Мейдер

«Сарыарқа» маусым басында қатарынан төртінші матчында жеңіске жетті. Бүгін қарағандылықтар тағы да «Құлагерден» басым түсті. Жеңіс шайбасы алаң иелерінің жаңа ойыншысы Иван Захарчукке тиесілі, Антон Злобин дубль жасап көзге түсті.

«Сарыарқа» - «Құлагер» 3:2 (0:1, 2:0, 1:1)

0:1 - 06:14 - Закарлюкин (Подшендялов, Своеволин)

1:1 - 25:30 - Злобин (Расулов, Борисевич)

2:1 - 27:50 - Злобин (Борисевич, Борисов)

2:2 - 42:58 - Штайгер (Старцев, Подшендялов) ГБ

3:2 - 45:29 - Захарчук (Злобин, Фёдоров) ГБ

Қақпашылар: Каратаев – Кадочников

Ташкенттегі ойын да жоғарыдағыдай нәтижемен аяқталды, тек мұнда жеңіс тойын қонақтар тойлады. Шешуші шайбаны финалдық ысқырыққа екі минуттан астам уақыт қалғанда Александр Абрамов салды.

«Хумо» - «Горняк» 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)

1:0 - 00:22 - Кравченко (Трунев)

1:1 - 11:12 - Утебаев (Пальмтаг, Пархоменко)

1:2 - 30:30 - Катков (Нурек)

2:2 - 57:33 - Кравченко (Игнатушкин, Рехтин)

2:3 - 57:51 - Абрамов (Ямалов)

Қақпашылар: Смирягин – Скрынников 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.