Бүгінгі ойын күнінің қорытындысы бойынша турнир кестесінің көшбасшысы анықталды.
«Сарыарқа» тартысты текетіресте «Құлагердің» арынын басты. Қарағандылықтар екі шайба салып, ойынды өз бақылауында ұстағандай көрінген. Алайда петропавлдықтар ойынға оралып, қарсыласты біраз терлетті. Және алаң иелері финалдық ысқырыққа бес минуттан астам уақыт қалғанда Игнат Холькиннің дөп соққысының арқасында жеңісті жұлып әкетті. Петерис Скудраның ойыншылары қатарынан үшінші матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты.
«Сарыарқа» - «Құлагер» 3:2 (2:0, 0:1, 1:1)
1:0 - 14:22 - Чапоров (Дёмин, Анохин) ГМ
2:0 - 19:34 - Злобин (Захарчук, Сиксна)
2:1 - 35:31 - Твердохлебов (Подшендялов)
2:2 - 45:28 - Закарлюкин (Подшендялов, Шульга)
3:2 - 54:55 - Холькин (Борисевич, Анохин)
Қақпашылар: Каратаев – Хозяшев
«Хумо» «Горнякпен» бірінші кездесуде қорғаныста айтарлықтай мығым ойнады. Кездесудің басты қаһарманы – қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берген алаң иелерінің қақпашысы Роман Смирягин. Алаң ойыншылары үш шайба салып, өз голкиперіне көмектесті. Осылайша жеңіске жетті.
«Хумо» - «Горняк» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)
1:0 - 24:39 - Дорофеев (Рехтин)
2:0 - 32:26 - Назаров (Кондратьев, Дрягилев)
3:0 - 59:02 - Дорофеев (Кириллов, Зимин) ПВ
Қақпашылар: Смирягин – Акулинин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.