Құлагер көш бастады, Хумо Номадтан қарымта қайтарды

12 qyrkúıek
1078

Бүгін хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч болып өтті.

«Құлагер» екінші матчта да «Снежные Барсы» командасынан басым түсті. Екінші кезеңде елордалық ұжымның қақпасына бес шайба аттанды. Қонақтардың орындауындағы бұл серпіліс шешуші болды. Сергей Твердохлебов, Артём Подшендялов және Евгений Лызин қарсыласты екі реттен састырды. Нұр-Сұлтандағы екі сенімді жеңістен кейін Владимир Капуловскийдің ойыншылары Pro Ligasy турнир кестесінің көшін бастады.

«Снежные Барсы» - «Құлагер» 1:8 (0:2, 1:5, 0:1)

0:1 - 01:44 - Твердохлебов (Шишов)

0:2 - 08:09 - Твердохлебов (Кунгурцев, Гатин)

0:3 - 26:21 - Подшендялов (Своеволин)

0:4 - 28:10 - Подшендялов (Волков)

0:5 - 31:21 - Закарлюкин (Подшендялов)

0:6 - 31:38 - Лызин (Ахметов, Поляничев)

0:7 - 33:12 - Сиденко (Свириденко, Шульга)

1:7 - 39:44 - Шапоров (Комаров, Есмурзиев)

1:8 - 58:19 - Лызин (Шульга, Ахметов)

Қақпашылар: Пестов (Дубинскас, 31:38-60:00) – Кадочников (Риттингер, 40:00-60:00)

«Горняк» «Алматыдан» қарымта қайтарды. Екінші үзілістің алдында есеп ашып, ойынды бақылауда ұстады. Алайда соңғы кезеңде рудныйлықтар күш алып, үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Жеңіс шайбасы аз құраммен гол салған Евгений Степановқа тиесілі.

«Алматы» - «Горняк» 1:3 (0:0, 1:0, 0:3)

1:0 - 35:30 - Семенов (Сейфулов, Гриценко)

1:1 - 45:27 - Кунишников (Калинычев, Абрамов)

1:2 - 57:49 - Степанов (Садиков) ГМ

1:3 - 59:50 - Галимов (Шарипов, Харькин) ПВ

Қақпашылар: Шалманов – Акулинин

«Хумо» мен «Номад» жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады. Ұзақ уақыт бойы алаң иелері бір ұпаймен алда келе жатты. Алайда матч соңында «көшпенділер» артық құрам ұйымдастырды. Дегенмен, «Хумо» өз дегеніне жетіп, овертаймта команда капитаны Игорь Игнатушкин дөп соққымен көзге түсті.

«Хумо» - «Номад» 2:1 ОТ (1:0, 0:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 00:57 - Караваев (Трунев)

1:1 - 56:14 - Омирбеков (Казаков, Пелевин) ГБ

2:1 - 60:40 - Игнатушкин (Трунев, Зимин)

Қақпашылар: Смирягин – Калмыков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.