Хоккейден Қазақстан чемпионатының бірінші ойын аптасын қорытындылаймыз.
Бес матчтан тұрған апта ойыншысы болып Андрей Рунов атанды. «Номадтың» форварды бірінші матчта-ақ маусымның алғашқы хет-тригін жасап, өз командасына түзде «Хумоны» жеңуге көмектесті (4:2). Үш шайбаның үшеуін де Рунов үш түрлі жағдайда: тең құраммен, артық құраммен және бос қақпаға салды.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.