Parimatch-Қазақстан Кубогі финалында Арлан мен Сарыарқа ойнайды

31 tamyz
1238

Қазақстан Кубогін өзара таласқа салатын ұжымдар анықталды.

Бірінші жартылай финалда аса тартыс болмады. Егер бірінші кезеңде рудныйлықтар қарсыластың тегеурініне төтеп берсе, екінші кезеңнің басында Сергей Невструевтің ойыншылары шашылып қалды. «Арлан» бес минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, ойынның тағдырын шешті.

Нәтижесінде Владимир Маркелов дубль жасады, қақпашы Максим Грязнов қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді, Павел Валентенконың ұжымы Parimatch-Қазақстан Кубогінің бірінші финалисі атанды.

«Арлан» - «Горняк» 7:0 (4:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 18:52 - Жиляков (Боровиков, Грязнов) ГМ

2:0 - 20:35 - Захарчук (Преснов)

3:0 - 21:20 - Меньщиков (Маркелов)

4:0 - 22:48 - Карабань (Хорошев, Шин) ГБ

5:0 - 24:33 - Маркелов (Клочков, Меньщиков)

6:0 - 52:28 - Маркелов (Воробьев) ГБ

7:0 - 53:06 - Королинский (Клочков, Москалёв)

Қақпашылар: Грязнов - Акулинин (Лигай, 24:33-60:00)

Екінші жартылай финалда «Сарыарқа» мен «Ертіс» нәтижелі ойын көрсетті. Жас павлодарлықтар Кубоктің қазіргі жеңімпазының қақпасына бес шайба дарытты. Алайда мұның өзі жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды. Қарағандылықтар құрамынан Владимир Боровков үш шайба салды, бұл – турнирдегі алғашқы хет-трик.

«Сарыарқа» қатарынан үшінші рет Қазақстан Кубогінің финалына шығып отыр. Турнирдің шешуші текетіресінде көрермен «Сарыарқа» мен «Арланның» жекпе-жегін тамашалайды. Кездесу «Барыс-Аренаның» В блогында 1 қыркүйек күні өтеді. Басталуы 19:00-де.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 7:5 (2:2, 4:2, 1:1)

1:0 - 04:36 - Борисов (Дёмин, Боровков)

1:1 - 08:15 - Атаханов (Асуханов, Олендаренко) ГБ

1:2 - 11:48 - Левитский (Лисицын) ГБ

2:2 - 13:59 - Исмагилов (Огиенко, Злобин) ГБ

3:2 - 25:02 - Боровков

3:3 - 26:09 - Ляпунов (Карпов, Козлов)

4:3 - 28:05 - Боровков (Чапоров)

4:4 - 34:03 - Абдрашитов (Атаханов) ГБ

5:4 - 39:12 - Дёмин (Чапоров, Боровков)

6:4 - 39:47 - Боровков

7:4 - 41:30 - Данияр (Беляев, Фёдоров) ГБ

7:5 - 54:38 - Гончаров (Атаханов, Абдрашитов) ГБ

Қақпашылар: Каратаев - Зыкин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.