Арлан Номадтың жеңісті сериясын тоқтатты, Сарыарқа Құлагерден басым түсті

10 qazan
165

Сенбі күніне Қазақстан хоккей чемпионатында екі матч жоспарланған.

Көкшетауда «Номад» овертаймда «Арланға» есе жіберіп, 13 матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты. Алаң иелеріне жеңіс әкелген шайбаларды Игорь Ищенко, Алексей Пузанов және Андрей Кураков соқты. «Көкшеліктердің» қақпашысы Денис Каратаев 23 соққыны қайтарды.

«Арлан» - «Номад» 3:2 ОТ (1:2, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 05:13 - Шульга (Кеңесбай, Мерзликин)

1:1 - 10:04 - Ищенко (Касенов, Бейсембиев)

1:2 - 18:36 - Русланұлы (Цыбин, Саркенов)

2:2 - 25:54 - Пузанов (Басов, Захаров)

3:2 - 63:56 - Кураков

Қақпашылар: Каратаев - Шестаков

Петропавлда өткен «Құлагер» мен «Сарыарқа» арасындағы кездесудің тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Есеп 1:1 болып тұрған сәтте Евгений Королинский өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, шайба соқты. Ал матчтың аяқталуына 42 секунд қалғанда Владислав Никулин қарсыластың бос қақпасын дәл көздеді. Қонақтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 28 соққыны қайтарды.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 1:3 (1:0, 0:1, 0:2)

1:0 - 09:14 - Чапоров (Анисимов, Борисов)

1:1 - 26:33 - Лихотников (Михайлов, Дёмин) ГБ

1:2 - 43:22 - Королинский (Пальмтаг, Михайлов)

1:3 - 59:18 - Никулин (Борисевич) ПВ

Қақпашылар: Дубинскас - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.