Қазақстан Кубогінің бесінші ойын күнінің қорытындысы

28 tamyz
1503

Қазақстан Кубогінің топтық раундын қорытындылаймыз.

Өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Арлан» Кубок қатысушыларынан алғашқы болып финалдық бөлікке жолдама алды. Алдын ала кезеңнің қорытынды матчында көкшетаулықтар «Торпедоны» жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл нәтиже Павел Валентенкоға В тобында бірінші орын алуға мүмкіндік берді.

«Арлан» - «Торпедо» 5:0 (0:0, 2:0, 3:0)

1:0 – 21:39 – Преснов (Захарчук, Москалев) ГБ

2:0 – 36:58 – Королинский (Жиляков)

3:0 – 42:50 – Маркелов (Бердников, Шин) ГБ

4:0 – 47:54 – Меньщиков (Бердников)

5:0 – 52:11 – Степаненко (Захарчук, Москалев)

Қақпашылар: Селивёрстов – Осокин

«Ертіс» пен «Снежные Барсы» арасындағы кездесудің негізгі сәттері екінші кезеңде орын алды. «Ертіс» Диас Атаханов жасаған дубльдің арқасында қажет үстемдікке ие болып, оны финалдық ысқырыққа дейін сақтап қалды. Павлодарлықтар қорытынды раундтың нәтижесі бойынша төрт балл жинады және «Бейбарыс» пен «Номад» арасындағы кешкі матчтың нәтижесі бойынша С тобының көшін бастады.

«Ертіс» - «Снежные Барсы» 3:2 (0:0, 3:2, 0:0)

1:0 – 21:34 – Атаханов (Асуханов, Абдрашитов)

2:0 – 25:12 – Атаханов (Асуханов)

2:1 – 27:41 – Сапарбек (Есмурзиев, Ермак) ГБ

2:2 – 28:21 – Симонов (Ляпунов, Русланулы)

3:2 – 38:01 – Асуханов (Атаханов)

Қақпашылар:Зыкин – Дубинскас

«Хумо» мен «Құлагер» жеңімпазды матчтың негізгі уақытында анықтап үлгермеді. Овертаймда Евгений Лызин петропавлдықтарға турнирдегі алғашқы жеңісін сыйлады.

«Хумо» - «Құлагер» 2:3 ОТ (1:1, 1:0, 0:1, 0:1)

1:0 – 03:58 – Легалин

1:1 – 17:28 – Закарлюкин (Старцев, Подшендялов) ГБ

2:1 – 24:50 – Дорофеев (Рехтин)

2:2 – 55:45 – Старцев (Шульга)

2:3 – 61:23 – Лызин (Подшендялов)

Қақпашылар: Смирягин – Хозяшев

«Ақтөбе» Кубоктің финалдық бөлігіне оның қазіргі жеңімпазын жібермей қоя жаздады. Алайда «Сарыарқа» финалдық ысқырыққа 20 секунд қалғанда есе қайтарды. Скудра ойыншылары жинаған балл А тобындағы тартыстың мән-жайын айқын етті. «Сарыарқа» жартылай финалға шығады, ал «Ақтөбе» алдын ала кезеңді буллиттер бойынша жеңісімен тұйықтады, алайда өзінің турнир жолын осымен тәмамдады.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 2:3 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 15:40 – Ананичев (Сиксна, Борисевич) ГБ

1:1 – 22:25 – Гасников (Григоркевич, Александров) ГБ

1:2 – 45:38 – Сошников (Елизаров) ГМ

2:2 – 59:40 – Лагунов (Пархоменко, Сиксна)

2:3 – 65:00 – Гасников ПБ

Қақпашылар: Каратаев – Шаров

«Горняк» «Алматыны» сенімді түрде жеңіп, финалдық раундтың төртінші қатысушысы атанды. Рудныйлықтар өз топтарында екінші орын алғандар арасындағы үздік команда болып шықты. Бұл ретте «Горняк» қазіргі таңда турнирдің ең нәтижелі ұжымы болып отыр.

«Алматы» - «Горняк» 2:6 (1:1, 0:4, 1:1)

1:0 – 01:31 – Сейфулов

1:1 – 19:02 – Кунишников (Коваленко, Абрамов) ГБ

1:2 – 21:56 – Ширяев (Кунишников, Садиков) ГБ

1:3 – 26:50 – Юлбарисов (Степанов, Щёкин) ГБ

1:4 – 32:08 – Ямалов (Юлбарисов, Щёкин) ГБ

1:5 – 34:49 – Степанов (Юлбарисов, Садиков) ГБ

2:5 – 42:44 – Ваулин (Гриценко, Донской)

2:6 – 47:04 – Калинычев (Кунишников, Коваленко)

Қақпашылар:Вилардо (Колесников, 34:49-60:00) – Акулинин

«Бейбарыс» «Номадты» сенімді түрде жеңді, алайда жарыстардың финалдық бөлігіне шығуға құрғақ жеңістің өзі көмектеспеді. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша атыраулықтар аталмыш топта сенсация жасап бірінші орын алған «Ертісті» алға жіберді. «Көшпенділермен» матчта «Бейбарыстың» қақпашысы Богдан Доненко тамаша ойын үлгісін көрсетті. Ол 31 соққыға тойтарыс берді.

«Бейбарыс» - «Номад» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 03:31 – Баженов (Бурделёв, Иванов) ГБ

2:0 – 32:01 – Зудилов (Стрельцов А., Тесленко В.)

3:0 – 57:21 – Волгин ГБ

4:0 – 59:50 – Скатов (Мищенко)

Қақпашылар:Доненко – Павленко 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.