Сенбі күні Parimatch-Қазақстан Кубогі аясында тағы екі кездесу өтеді.
«Ертіс» екі күн бұрынғы ерлігін қайталай алмады. «Номад» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, матчты сенімді түрде жеңіске жеткізді. «Көшпенділердің» қақпашысы Максим Павленко қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінен кейін Ғалым Мамбеталиевтің ойыншылары Кубоктің финалдық бөлігіне шығудан үмітті.
«Номад» - «Ертіс» 4:1 (3:0, 0:1, 1:0)
1:0 – 00:54 – Логвин
2:0 – 02:25 – Нургалиев (Мухаметов, Недилько)
3:0 – 03:00 – Макеев (Никитин, Рунов)
3:1 – 37:04 – Асуханов
4:1 – 55:58 – Рунов (Мангисбаев, Казаков)
Қақпашылар: Павленко – Нечвиенко (Штукерт, 03:00-60:00)
«Торпедо» «Алматыға» қарсы төтеп бере алмады. Егер үшінші кезеңге дейін матчта кімнің жеңетіні жұмбақ болса, соңғы кезеңде В тобының алаң иелері сұрақ қалдырмады. Степан Штефан дубль жасады, оңтүстік астаналық ұжымның қақпашысы Николас Вилардо 29 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Алматы» 1:5 (1:2, 0:0, 0:3)
0:1 – 09:45 – Штефан (Сейфулов, Борисенко)
0:2 – 12:19 – Гриценко (Донской)
1:2 – 15:44 – Алдабергенов (Назаренко, Тютюньков Д.) ГБ
1:3 – 44:11 – Ваулин (Гриценко, Донской) ГБ
1:4 – 55:44 – Штефан (Филиппенко)
1:5 – 59:02 – Ищенко (Филиппенко)
Қақпашылар: Янков – Вилардо
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.