Астанадағы сенсация, Торпедо ойсырай жеңілді

25 tamyz
1089

Parimatch-Қазақстан Кубогі аясында үш матч өтті.

ҚР Кубогінің күндізгі сессиясының ең қызу матчы Қарағандыда өтті. «Ақтөбе» Вадим Митряков пен Ян Хоменко салған шайбалардың, сонымен қатар қақпаға бағытталған 33 соққыға тойтарыс берген голкипер Дмитрий Шаровтың тамаша ойынының арқасында «Құлагерді» әрең жеңді.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:1 (0:0, 2:1, 0:0)

1:0 – 25:41 – Митряков (Кучин, Потайчук)

2:0 – 34:15 – Хоменко (Киселёв, Елизаров) ГБ

2:1 – 36:34 – Кунгурцев (Старцев, Подшендялов) ГБ

Қақпашылар: Шаров – Хозяшев

«Торпедо» «Горнякпен» кездесуді жақсы бастап, 13-минутқа таяу қарсыласты екі рет састырып үлгерді. Алайда рудныйлықтар ойынға уақытылы оралып, кездесудің барысын еш қиындықсыз бұрып әкетті. Нәтижесінде матч өскемендіктердің жеңілісімен аяқталды. Максим Кунишников пен Евгений Степанов қоржындарына екі нәтижелі соққыдан салды.

«Горняк» - «Торпедо» 8:2 (1:2, 4:0, 3:0)

0:1 – 05:18 – Алдабергенов

0:2 – 12:39 – Каиров (Тютюньков Д.)

1:2 – 15:23 – Кунишников (Садиков, Галимов)

2:2 – 23:51 – Харькин (Шарипов, Гурьев) ГМ

3:2 – 26:06 – Степанов (Ямалов)

4:2 – 27:03 – Гурьев (Шарипов, Солтан)

5:2 – 36:39 – Коваленко (Юлбарисов)

6:2 – 47:54 – Шарипов (Шетле, Солтан)

7:2 – 49:45 – Кунишников (Галимов, Гурьев)

8:2 – 54:12 – Степанов (Куршук, Юлбарисов)

Қақпашылар: Акулинин (Лигай, 54:12-60:00) – Янков (Осокин, 33:08-60:00)

Кубоктің елордадағы алғашқы матчы нағыз сенсацияға айналды. «Ертіс» «Бейбарыспен» кездесудің алғашқы жартысын екпіндетіп өткізді. Павлодарлықтар үш рет артық құрам ұйымдастырып, қорғаныста жақсы ойнады, қарсыласқа жағдайды түзетуге мұрша бермеді. Жеңімпаздар құрамынан Диас Атаханов дубль жасады.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 2:4 (0:2, 2:2, 0:0)

0:1 – 13:16 – Левитский (Зыкин) ГБ

0:2 – 15:28 – Абдрашитов (Лисицын) ГБ

0:3 – 25:53 – Атаханов (Козлов)

0:4 – 27:58 – Атаханов (Асуханов, Олендаренко) ГБ

1:4 – 34:26 – Мищенко (Кузнецов) ГБ

2:4 – 35:34 – Иванов (Колесников, Баженов)

Қақпашылар: Нурек – Зыкин

«Арлан» екінші кезеңнің соңындағы екі голының арқасында «Алматыны» жеңді. Оңтүстік астаналық ойыншылардың ұмтылысына қарамастан, олар кездесудің басты қаһарманына айналған Максим Грязновтың қақпасын ала алмады. Голкипер 25 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Алматы» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)

1:0 – 38:09 – Жиляков (Степаненко)

2:0 – 39:09 – Клочков ГМ

3:0 – 56:01 – Бердников (Воробьев)

Қақпашылар: Грязнов – Вилардо

Елордалық ойынның жеңімпазы буллиттер сериясында ғана анықталды. Андрей Рунов салған дөп соққы «Номадқа» жеңіс әкелді. Ал «Снежные Барсы» Кубоктегі алғашқы балын иеленді.

«Снежные Барсы» - «Номад» 2:3 Б (1:0, 1:2, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 18:27 – Ермак (Шакшакбаев, Комаров)

1:1 – 24:08 – Мухаметов (Грачёв, Логвин) ГБ

1:2 – 35:17 – Шульга (Пелевин, Колобов)

2:2 – 37:46 – Манаш (Диде, Смольянинов)

2:3 – 65:00 – Рунов ПБ

Қақпашылар: Пестов – Павленко 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.