Сарыарқа титулын қорғауды Хумоға қарсы ойындағы жеңісімен бастады

24 tamyz
1185

Parimatch-Қазақстан Кубогінің бірінші матчында «Сарыарқа» мен «Хумо» жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтады.

Кездесудің 26-минутында «Сарыарқа» Антон Злобин мен Никита Клещенконың дәл соққыларынан кейін есеп бойынша қолайлы артықшылыққа ие болды. Алайда екінші үзіліске дейін Максим Трунев есеп айырмашылығын қысқартты. Ал финалдық ысқырыққа 77 секунд қалғанда 6-ға 4 форматында ойнаған «Хумоның» өкілі Антон Рехтин қарағандылықтарды екінші рет састырып, ойынды овертаймға ауыстырды.

Қосымша бес минут қонақтарда артық құрам ұйымдастыруға тамаша мүмкіндік болғанына қарамастан, голсыз өтті. Буллиттер сериясында Скудраның ойыншылары дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасы Саян Даниярға тиесілі.

«Сарыарқа» - «Хумо» 3:2 Б (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 14:35 – Злобин (Власов, Данияр)

2:0 – 25:10 – Клещенко (Яковлев, Холькин)

2:1 – 36:57 – Трунев (Давыдов)

2:2 – 58:43 – Рехтин (Шингареев, Давыдов) ГБ

3:2 – 65:00 – Данияр

Қақпашылар: Каратаев – Смирягин 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.