Горняк Құлагерден басым түсті, Снежные Барсы Челябинскіде алғаш рет жеңілді

10 tamyz
792

Pro Hokei Ligasy командаларының қатысуымен кезекті бақылау матчтары болып өтті.

Петропавлда жергілікті «Құлагер» «Горнякқа» жол берді (1:4). Рудныйлықтардың қақпасына жалғыз шайбаны Вячеслав Колесников салды. Қонақтар құрамынан Оскар Юлбарисов, Вячеслав Шарипов, Евгений Степанов пен Денис Гурьев көзге түсті.

«Снежные Барсы» Челябинскідегі турнирдің қорытынды матчында «Тюменский Легионға» жол берді (1:3). Алдияр Нұрлан елордалық ұжымды құрғақ жеңілістен құтқарды. «Уральский Вызов» турнирінің қорытындысы бойынша бірден үш ұжым бірдей ұпай жинады. «Барыстар» мен «Легионнан» басқа, «Сарматтар» да екі реттен жеңіске жетті.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.