Снежные Барсы челябинскілік турнирдегі екінші матчта жеңіске жетті

9 tamyz
833

«Снежные Барсы» мен «Сарматтың» текетіресінде қазақстандық ұжым басым түсті.

Кездесу Александр Истомин командасының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Қарсыластарының қақпасына соғылған шайбалардың авторлары – Алдияр Нұрлан, Денис Леута және Роман Ермак.

10 тамызда «Барыстар» «Уральский Вызов» турнирінің бағдарламасын «Тюменский Легион» командасына қарсы матчпен тәмамдайды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.