Pro Hokei Ligasy командаларының қатысуымен кезекті бақылау матчтары болып өтті.
«Снежные Барсы» Челябинскідегі маусымалды турнирдегі алғашқы матчын жеңіспен бастады. Александр Истоминнің ойыншылары салехардтық «Ямалды» 4:1 есебімен жеңді. Елордалық ұжым құрамынан Кирилл Никитин дубль жасады, Егор Смольянинов пен Асанәлі Русланұлы бір-бірден гол салды. Ертең «Барыстар» орынборлық «Сарматтармен» ойнайды.
Қарағандыда «Сарыарқа» «Бейбарыспен» кездесті. Кездесу елдің қазіргі чемпионының сенімді жеңісімен аяқталды – 4:1. Алаң иелерінен Никита Анохин, Эдгарс Сиксна, Саян Данияр мен Данила Ларионов шайба салды. Атыраулықтардан Андрей Волгин жауап берді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.