Трансфер жаңалықтары. Арлан

4 tamyz
1536

Өткен Қазақстан чемпионатының финалисі «Арлан» құрамды жасақтауды жалғастыруда.

Көкшетаулықтар қорғаушылар Иван Степаненкомен және Кирилл Полоховпен келісімшарттар жасасып, қорғаныс шебін айтарлықтай нығайтты. Қос спортшы да айрықша таныстыруды қажет етпейді және «көкшеліктерге» пайда әкелетіндері анық. «Арланның» қатарына қосылған тағы бір жаңа ойыншы – өткен маусымды «Сарыарқа» жүйесінде өткізген шабуылшы Никита Потапов.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.