Құлагер буллиттер сериясында Зауральеге жол берді, Арлан Номадты ойсырата жеңді

29 shilde
1449

29 шілде күні Pro Hokei Ligasy ұжымдарының қатысуымен екі бақылау матчы өтті.

Курганда «Құлагер» жергілікті «Зауральемен» кездесті. Кездесу буллиттер сериясымен бітіп, онда алаң иелері басым түсті (2:1). Петропавлдықтар құрамынан Сергей Твердохлебов ерекшеленді.

«Арлан» маусымаралықтағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы көкшетаулықтар «Номадты» сенімді түрде жеңді (7:0). Шайба авторлары: Александр Меньщиков, Виталий Жиляков, Платон Попов, Никита Потапов, Александр Шин, Владимир Гребенщиков пен Данила Карабань.

Фото – «Зауралье» ХК

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.