Пархоменко мансабын «Молотта» жалғастырады. Зеленков, Шафеев пен Росляков қарағандылық хоккей жүйесінен кетті.

25 maýsym
2056

Арлан мен Сарыарқа-Теміртау шабуыл шебінің көшбасшылары өз клубтарынан кетті.

«Молот» ХК ресми сайты шабуылшы Константин Пархоменкомен келісімшартқа қол қойылғаны туралы хабарлады. Өткен маусымда форвард көкшетаулық шабуыл шебінің көшбасшыларының бірі болды. 59 ойында Пархоменко +16 пайдалылық коэффициентімен 40 ұпай жинады.

Сарыарқа Вадим Зеленковты ұстай алмады. Шабуылшы өткен үш маусымда Қарағанды жүйесі үшін өнер көрсетті.

Зеленковтың ізінше Сарыарқа жүйесінен шабуылшы Эммануил Шафеев пен қорғаушы Семён Росляков кетті. Екеуі де Теміртау мен Сарыарқа үшін ойнады.