Данила Карабань алдағы 2 маусым бойы «көкжалдар» құрамында ойнауын жалғастырады.
Қызыл-көктер құрамындағы өткен маусымның көшбасшысы, белоруссиялық шабуылшы Данила Карабань көкшетаулық клубпен келісімшартты ұзартты. Келісім 2 маусымға жасалған.
Өткен маусым форвард үшін қазақстандық хоккейдегі дебюті болды. Бұған қарамастан, шабуылшы бірінші ойындардан-ақ ұжымға сіңісіп, маусымның соңына қарай команданың бомбардирлері тізімін бастады. Форвард активінде 58 ойын бар, 27 шайба салып, 25 нәтижелі пас берді.