Сарыарқа мен Арландағы жаңа ойыншылар

10 maýsym
1806

Pro Ligasy-ның өткен екі маусымының чемпионы мен финалисі іріктеу жұмысын жалғастыруда

Pro Ligasy-ның қазіргі чемпионы, шабуылшы Муса Гусейнов Сарыарқамен келісімшартты ұзартты. 4-ші маусым қатарынан шабуылшы өз ойынымен Қарағанды және Теміртау жанкүйерлерін қуантатын болады, себебі ойындардың көп бөлігін Муса фарм-клуб сапында өткізеді. Өткен маусым сәтбаевтық хоккей мектебінің шәкірті үшін ең үздігі болды. Қара-сарылар үшін Муса 30 нәтижелі ұпай жинады.

Көкшетаулық «Арланмен» сынама келісімге қорғаушы Илья Борисенко қол қойды. Өткен үш маусымды Жастар ХЛ-да өткізіп, «Атлант» және «Мамонты югры» командалары үшін ойнады. Жастар лигасында 131 матч өткізіп, 25 (7+18) ұпай жинады, 121 айып минутын алды, пайдалылық көрсеткіші -14, бойы 195 см. Алматы қаласында дүниеге келген.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.