Евгений Степанов пен Никита Харькин Горнякқа оралды

4 maýsym
2539

Рудныйлық «Горняк» 3 шабуылшымен және 1 қорғаушымен келісімшарт жасасты.

Шабуылшы Евгений Степанов рудныйлық ұжымға оралады. Жанкүйерлер бұл ойыншыны таниды, себебі бұған дейін 2019-2020 маусымында ол «Горняк» үшін ойнаған болатын. Сол кезде Евгений өзінің ең үздік хоккейін көрсетті – 52 матчта 41 (21+20) ұпай жинады. Сондай-ақ Евгений Теміртау жанкүйерлеріне жақсы таныс, себебі «Горняк» үшін ойнайтын алғашқы жылдан бір жыл бұрын шабуылшы металлургтар қаласы үшін ойнаған болатын. Соңғы маусымды ЖХЛ-да өнер көрсететін «Южный Урал» және «Зауралье» клубтарында өткізді.

Степановтың ізінше Горнякқа магнитогорлық хоккей мектебінің шәкірті, қорғаушы Никита Харькин оралды. 84 ойын барысында ол 22 (6+16) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткіші -6-ны құрады. Өткен маусымда Харькин сонымен қатар Pro Ligasy-да «Ақтөбе» үшін ойнады.

Горнякпен келісімшартын команданың жас «ардагері» – шабуылшы Оскар Юлбарисов ұзартты. Осымен қатарынан төртінші маусымда 17-ші нөмірлі ойыншы қарсыластың қорғаушыларын сүріндіріп, өз командасын жеңіске жеткізетін болады. Юлбарисов рудныйлықтар үшін барлығы 144 матч ойнап, 81 (32+49) балл жинады. Оскардың үш рет командалар тарапынан плей-офф кезеңінде жалға тартылғанын атап өту қажет: бір рет «Ақтөбе» және екі рет петропавлдық «Құлагер» үшін ойнады.

Өскеменнен Рудныйға ауысуға шабуылшы Никита Назаренко да бел буды. Қазақстандық шабуылшы өз мансап жолында тек Өскемен командалары үшін ғана ойнаған болатын. Соңғы 4 маусымды форвард «Алтай Торпедо» сапында өткізіп, елордалық «Номадта» жалдау құқығымен ойнады. Шабуылшы Қазақстан Республикасының намысын халықаралық деңгейде де қорғады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.