Кадочников пен Гевель Құлагерде

3 maýsym
1694

Петропавлдық клуб келесі маусымға бірінші команданы жасақтауды жалғастыруда.

«Құлагердің» біліктілік ұсынысын Данил Кадочников қабылдады. Өткен маусымда қақпашы чемпионаттың теріскейлік командасы үшін 13 матч ойнады, олардың 5-еуінде жеңіске жетіп, соққылардың 91,9%-ына тойтарыс беріп, орта есеппен 2,88 шайба өткізді.

Петропавлдық ұжыммен әріптестікті жергілікті жанкүйерлерге таныстыруды қажет етпейтін тәжірибелі қорғаушы Евгений Гевель жалғастырады. 2021/22 маусымында ол «Құлагер» сапында 38 кездесу өткізіп, өз қоржынына 14 (2+12) балл салды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.