Лихотников мансабын Словакияда жалғастырады

31 mamyr
1804

«Попрад» хоккей клубының ресми сайты қазақстандық шабуылшы Артём Лихотниковпен келісімшарт жасалғанын хабарлады.

Соңғы үш жыл бойы форвард өскемендік «Торпедо» үшін ойнады. Алайда өткен маусымның соңын Лихотников «Арланда» өткізіп, онда Қазақстан чемпионатының күміс марапатын алды. Плей-оффта Артём 12 матчта ойнап, өз қоржынына 7 (2+5) балл салды.

Енді шабуылшы өз мансабын Словакияда өнер көрсететін «Попрадта» жалғастырады.

Дереккөз – «Попрад» ХК


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.