«Бейбарыстың» тәлімгері Артём Аргоков 2021/22 жылғы маусымдағы өз командасының өнерін қорытындылады.
– Артём Владимирович, үшінші орын – бұл жақсы нәтиже ме?
– Меніңше, үшінші орын – бұл жақсы нәтиже, лайықты жүлделі орын. Алайда әрине әр спортшы жоғарырақ марапат алғысы келеді. Биылғы маусымда біз лайықты хоккей көрсеттік, көпшілік жанкүйерге біздің әдемі екпінді хоккейіміз ұнады деп ойлаймын. Плей-оффта біз екі шебер командамен ойнадық. «Ақтөбеде» жақсы құрам жиналған: ойыншылар әбден төселген, тәжірибелі, жеке шеберлігі жоғары. «Арланмен» серияға қатысты айтар болсақ, бұл команданың деңгейі одан да жоғары, ұйымдасқан. Серия соңында кей жерлерде бізге финалға шығу үшін сәттілік, кейде шеберлік жетпей жатты.
– Өзіңіздің алғашқы және екінші маусымыңызды салыстырыңызшы. Команда мықты бола түсті ме?
– Алғашқы маусым кедегілерге толы болды: алдымен пандемия, кейін турнирдің басталуы кейінге қалдырылды, команданың өнімді дайындығы болмады. Оның үстіне, біз ол кезде түбегейлі жаңа команда жасақтадық. Тізбеленген жағдайларға байланысты біз турнирдің басында сүріндік, алайда әрі қарай белгілі бір іріктеу жұмысын жүргізіп, тұрақты маусымның қорытындысы бойынша үшінші орын ала алдық. Плей-оффта, өкінішке орай, жолымыз болмады. Өткен маусымда біз қалыптасып үлгерген негіздің айналасына құрам қалыптастыруды әлдеқайда сапалы жүргіздік. Өткен маусымнан қалған жігіттер менің талаптарымды білді. Жалпы алғанда команда әлдеқайда сапалы және өнімді ойнады және өткен маусыммен салыстырғанда мықты бола түскенін нақты айтуға болады.
– Маусым барысында артық құрамды іске асырумен түйткілдер болды. Қазір бұл проблеманы шешу үшін нақты нені жасау керектігі туралы түсінік бар ма?
– Иә, әрине, түсінік бар. Біз әрбір жаттығуда жігіттерден мұны талап етеміз, жаттығамыз. Ұтымды сәттерді қиюластырғанда бізге ерекше пас беру жетіспей жатады. Және шабуылдың соңғы нүктесінде жиі лақтырғанымызбен, тағы да орындаушылық шеберлік жетпейді.
– Команданы жаңа маусымға жасақтау бойынша қандай жоспарлар бар, жас ойыншыларды тартасыз ба?
– Әрине, бірінші команданың деңгейіне сәйкес келетін жігіттерді қосамыз. Оның үстіне, Pro Hokei Ligasy-дағы лимит туралы ұмытуға болмайды. Жас ойыншыларды байқап, олар жоғарырақ деңгейге шығып, бірінші команда құрамына кіретіндей оларды жаттықтыратын боламыз