Данияр, Бекетаев және Александров Барыс жүйесінде қалады

3 mamyr
2110

Елордалық клубтың баспасөз қызметі маусымаралықтағы алғашқы трансферлік жаңалықтар туралы хабарлады.

«Барыс» жүйесінде Самат Данияр мен Әділ Бекетаев, сонымен қатар 2021/2022 жылғы маусымның қорытынды бөлігінде «Номадқа» Қазақстан чемпионатының жартылай финалына жетуге көмектескен шабуылшы Станислав Александров қалады. Ойыншылар өздеріне ҚХЛ мен Pro Ligasy-да өнер көрсетуге мүмкіндік беретін екіжақты келісімдер жасасты.

Бұған дейін «Барыстан» іріктеу ұсыныстарын Андрей Шутов, Валерий Орехов, Әлихан Әсетов, Аркадий Шестаков және Егор Петухов алған болатын.