Сандар мен деректер. Илья Румянцев

22 qańtar
1783

Қазақстан чемпионаты үзіліске кетуге мәжбүр болған шақта назарымызды ағымдағы чемпионатта өзін жақсы жағынан көрсеткен ойыншыларға аударайық.

«Арланның» қақпашысы Илья Румянцев кезекті мықты маусымын өткізуде. Қазіргі таңда ол осы амплуадағы Лига ойыншылары арасында барлық көрсеткіштер бойынша озып тұр. Басты деректердің бірі – Илья өзі шыққан 26 матчтың 22-сінде жеңіске жетті. Бұл «Арланның» турнир кестесіндегі аралық көшбасшы атануына қосылған үлкен үлес.

Голкипер орта есеппен әр ойында небәрі 1,7 шайба өткізеді, оның қоржынында тойтарылған 744 соққы бар (95%). Аталмыш көрсеткіштер бойынша ол чемпионатта бірінші орында. Сондай-ақ Румянцев үш «құрғақ» жеңісімен көшбасшылықты Демид Еремеевпен және Андрей Янковпен бөлісуде. Айтып өтетін жайт, Илья 1400 минуттан астам уақыт өткізді. Бұл – Pro Ligasy-ның ағымдағы маусымындағы үшінші нәтиже.