Барыс пен Сарыарқа ойыншы алмасты

21 qańtar
2774

Спорттық ынтымақтастық туралы шарт аясында «Барыс» және «Сарыарқа» хоккей клубтары қақпашыларымен алмасты.

Спорттық ынтымақтастық туралы шарт аясында «Барыс» және «Сарыарқа» хоккей клубтары қақпашыларымен алмасты. Андрей Шутов маусымның соңына дейін жалдау құқығымен қарағандылықтар құрамында өнер көрсетеді. «Номад» құрамын уақытша өту туралы келісіммен Демид Еремеев толықтырды.

Андрей Шутов биылғы маусымда ҚХЛ-да «Барыс» үшін бір матч ойнады, сонымен қатар «Номадқа» Қазақстан чемпионатында сегіз рет жеңіске жетуге көмектесті (СК – 1,43, тойтарылған соққылар 94,4%).

Демид Еремеев соңғы уақытта «Теміртаудың» намысын қорғады. Ол 26 жекпе-жекте 12 рет жеңіске жетті (СК – 3,26, тойтарылған соққылар 89,6%).