PRO HOKEI LIGASY жаңалықтары

11 qyrkúıek
1598

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ындағы өткен кезеңнің ең елеулі оқиғалары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

"Торпедо" жаңартылған құрамын таныстырды

Жаңа құраммен клубтың ресми сайтында танысуға болады. Сондай-ақ жаңа маусым қарсаңында команда дәстүрлі фотосессия өткізді.

"Ақтөбе" толыққанды маусымалды дайындыққа кірісті

"Ақтөбе" баспасөз қызметі жанкүйерлерімен команда жаңалықтарымен бөліседі. Ойыншылар өздері екінші рет қатысқалы отырған Қазақстан чемпионатына қарқынды түрде дайындалуда. Жаттығулардан бөлек, ақтөбеліктер екіжақты ойын өткізіп, есеп 1:1 болып, тең түсті. 12 және 13 қыркүйекке «Бейбарыспен» ақтық жекпе-жектер белгіленді.

«Ақтөбе» әзірге арнайы белгілерсіз, алайда маусымға дайындық қызу жүріп жатыр

Ауысулар 

"Сарыарқа" үш ойыншымен келісімшартқа қол қойғанын жария етті. Қарағандылық ұжымның құрамын қорғаушылар Никита Холкин мен Олег Мисюль, сондай-ақ шабуылшы Егор Дорофеев толықтырды.

«Алматы» құрамын бұған дейін қазақстандық жанкүйерлерге «Теміртаудағы» ойынымен таныс қорғаушы Антон Кудрявцев толықтырды.

«Құлагер» төрт ойыншының: қорғаушылар Егор Кудин мен Алексей Даниловтың, сондай-ақ шабуылшылар Марк Вакуленко мен Данияр Хасеновтің кеткенін мәлімдеді. Соңғысы «Ертіске» ауысып, өзі үшін жаңа команда құрамында маусымға бет алды.

"Снежные Барсы" командасынан Теміртауға қорғаушы Михаил Тарасов оралды.

Бақылау матчтарының нәтижесі

04.09.2020 "Алматы" – "Сарыарқа" 3:4

05.09.2020 "Снежные Барсы" – "Ертіс" 1:3

07.09.2020 "Номад" – "Теміртау" 1:3

08.09.2020 "Снежные Барсы" – "Ертіс" 0:2

4 қыркүйектегі матчта «Сарыарқа» мінез көрсетті. Қарағандылықтар 0:3 есебімен жеңіп қана қоймай, негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті. Шайбалардың бірінің авторы жаңадан келген Холкин болды.

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ
Бас демеуші – Parimatch компаниясы