Эдуард Михайлов: «Осы қарқынды сақтап, одан әрі шыңдала түскім келеді»

7 qarasha
227

Pro Ligasy-ның қазан айындағы үздік қорғаушысы атанған «Сарыарқа» ойыншысы Эдуард Михайлов өзіне берілген атаққа қатысты пікір білдірді.

– Эдуард, ел чемпионатында «Алматыға» қарсы өткен соңғы матчтар туралы пікіріңізді білдірсеңіз.

– Матчтар тартысты әрі қызықты өтті. «Алматы» – жақсы команда. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге алғыс айтамын!

– Сіздің ойыңызша, қазан айындағы сәтті ойынның басты факторы не болды: жеке спорттық бабыңыз ба, командаластармен өзара үйлесімді әрекет пе, әлде бүкіл команданың еңбегі ме?

– Менің ойымша, мұның бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Әрине, жақсы ойын көрсетіп, командаға пайдаңды тигізе алғаның қуантады.

– Осындай нәтижелі айдан кейін қарашадан не күтесіз?

– Әрине, осы қарқынды сақтап, одан әрі шыңдала түскім келеді. Мен үшін қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, өзімді үнемі жетілдіріп, командаға барынша пайда әкелу маңызды. Статистикалық көрсеткіштер мен жеке марапаттар, әрине, қуантады. Бірақ басты мақсат – әрқашан командалық нәтиже. Сондықтан қараша айында да жаңа жеңістерге жетуге бар күшімізді саламыз!


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.