Pro Ligasy-ның қыркүйек және қазан айларындағы үздік жас ойыншысы атанған «Торпедо» хоккейшісі Артур Глухих өзіне берілген атаққа қатысты пікір білдірді.
– Артур, негізгі команда сапындағы дебютіңе тура екі жыл толды. Жастар құрамасынан негізгі командаға алғаш шақырылған кездегі ойларың есіңде ме? Сол кездегі сезімдерің қазіргі күйіңнен қаншалықты ерекшеленеді?
– Шынымды айтсам, алғашқы екі апта есімде қалмапты. Тұман ішінде жүргендей болдым. Жауапкершілік үлкен, тәжірибелі ойыншылардың көзінше қателесіп қаламын ба деген қобалжу да болды. Жастар командасында жаңа әдіс-тәсілдерді байқап көруге мүмкіндік беріледі. Тіпті ойлағаның жүзеге аспаса да, кешіріммен қарайды. Бұл – тәжірибе жасап, хоккейдегі өз ойын мәнеріңді іздейтін кезең. Ал қазір, екі жылдан кейін, сол тұман сейілді. Қалыпты жұмыс ырғағына түстім. Бапкерлер штабының талаптарын білемін, менен не күтетіндерін түсінемін. Бұрынғы қорқыныш жоқ. Оның орнына спорттық құлшыныс пайда болды, әр ойын сайын шеберлігімді шыңдай түскім келеді.
– Жас ойыншы үшін ең қиын кезең «екінші маусым синдромы» деп жатады.
– Бұл – рас. Алғашқы жылы эмоцияның жетегінде ойнайсың. Сені ешкім танымайды, қарсыластар үшін белгісіз ойыншысың. Алайда осы маусымда өзімнен ешкім ештеңе талап етпейтін болашағынан үміт күттіретін жас ойыншы емес екенімді түсіндім. Қазір мен команданың толыққанды ойыншысымын. Сондықтан өзімді де, ойын мәнерімді де өзгертуге, күштік күресте шеберлігімді арттыруға тура келді.
– Осы маусымда алдыңа қандай мақсаттар қойып отырсың?
– Команданың алдына қойған мақсаты – ең жоғары нәтиже, яғни Қазақстан чемпионатында бірінші орын алу. Сонымен қатар жақында Астанада жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді. 5–8 қараша аралығында Санкт-Петербургтегі турнирге қатысамыз. Ал одан кейін бізді Будапештте өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Nomad
Arlan
Saryarqa
Qulager