Pro Ligasy-ның қыркүйек айындағы үздік қақпашысы атанған «Номад» ойыншысы Артём Шестаков бұл марапатқа қатысты пікір білдірді.
– Артём, қыркүйек айының үздік қақпашысы атануыңмен құттықтаймыз! Бұл атақ сен үшін қаншалықты маңызды және осындай нәтижені күттің бе?
– Рақмет! Бүкіл лига бойынша үздік атану өте қуанышты. Шынымды айтсам, мұндай жағдай менің басымда алғаш рет болып тұр. Мұны күткен де, тіпті ойлаған да жоқпын.
– Қыркүйек айында сен алты матч өткізіп, олардың барлығында «Номад» жеңіске жетті. Сенің ойыңша, осындай табысты серияның басты сыры неде?
– Менің ойымша, бұған көптеген фактор әсер етті: бапкерлердің жұмысы, команданың үйлесімді әрекеті, өзара қолдау және, бәлкім, сәттілік те. Мен статистика туралы ойламауға тырысамын. Бастысы – жақсы ойнап, командама пайда әкелу. Ең маңыздысы – команданың жеңіске жетуі. Бізде қақпашылар құрамы өте мықты әрі салауатты бәсекелестік қалыптасқан. Бұл әрқайсымыздың дамуына мүмкіндік береді.
– Қақпашы үшін матч бойы, тіпті қауіпті сәттер аз болған жағдайда да, зейінді жоғалтпау маңызды. Кез келген жағдайға дайын болып, жинақылықты қалай сақтайсың?
– Ойын барысында артық ойларға берілмей, бар назарды сол сәттегі ойынға аудару қажет.
– Осы маусымда алдыңа қандай жеке мақсаттар қойып отырсың және қазір ең алдымен неге көңіл бөліп жүрсің?
– Мүмкіндігінше ойын тәжірибесін жинап, ересектер хоккейінде дамып, шыңдалғым келеді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Nomad
Arlan
Saryarqa
Qulager