Қазақстан чемпионатындағы екінші ойын айының қорытындысы бойынша командалардың турнирлік кестедегі жағдайына шолу жасаймыз.
«Торпедо» екі апталық үзіліске көшбасшы ретінде аттанды. Өскемендік команда соңғы турда «Номадты» екі рет жеңіп, «көшпенділерді» бірінші орыннан ығыстырды.
Өскемендіктер 26 ойында 44 ұпай жинады. Ал елордалық ұжымның еншісінде 42 ұпай бар, оның үстіне бір ойыны кем. Алексей Ждахиннің шәкірттері қазіргі чемпионаттағы ең нәтижелі ойын көрсетіп келеді (138 шайба).
Үздік үштікті Көкшетаудың «Арланы» түйіндеп тұр – 26 кездесуде 41 ұпай. «Көкшеліктер» лигада 20 жеңіске жеткен үшінші команда атанды.
Турнирлік кестенің төменгі бөлігінде де өзгерістер болды. Қазан айында алты жеңіске қол жеткізген «Ақтөбе» Атыраудың «Бейбарысын» тоғызыншы орынға ығыстырып, үздік сегіздікке енді.
Әзірге бірде-бір жеңіске жете алмаған «Ертіс» плей-офф аймағынан 12 ұпайға қалып келеді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Nomad
Arlan
Saryarqa
Qulager