Торпедо мен Арланның өз мұз айдынындағы жеңістері

26 qazan
318

Қазақстан чемпионатында дүйсенбі күні екі кездесу өтеді.

«Арлан» тартысты өткен матчта «Алматының» қарсылығын тағы да еңсерді. Алаң иелері сапында Степан Санников мергендік сериясын жалғастырып, дубль авторы атанды. Алексей Пузанов екі нәтижелі пас берсе, Денис Каратаев қақпасына бағытталған 35 соққыны қайтарды.

«Арлан» - «Алматы» 4:3 (1:0, 1:1, 2:2)

1:0 - 07:22 - Коротин (Кураков, Пузанов) ГБ

1:1 - 25:29 - Тарасов (Рымарев, Петраков)

2:1 - 32:26 - Санников

3:1 - 42:10 - Ищенко (Бейсембиев, Касенов)

4:1 - 42:32 - Санников (Пузанов)

4:2 - 43:38 - Бурделёв (Белоус)

4:3 - 58:11 - Яковлев (Ольшанский, Литовченко)

Қақпашылар: Каратаев - Яковенко

«Ақтөбе» Өскеменде ұпай еншілей алмады. «Торпедоға» жеңіс әкелген шайбаларды Степан Рифель, Саян Данияр және Диас Гусейнов соқты. Антон Осокин 30 соққыны қайтарды. Алаң иелері чемпионат барысында 40 ұпай межесіне жеткен лигадағы екінші команда атанды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

1:0 - 01:13 - Рифель (Колобов, Глухих)

1:1 - 44:29 - Аипов (Александров, Комаров) ГБ

2:1 - 52:52 - Данияр (Бутенко, Гусейнов) ГБ

3:1 - 59:34 - Гусейнов (Гатиятов, Данияр)

Қақпашылар: Осокин - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.