Арлан мен Ақтөбенің түздегі жеңістері, Номад қатарынан үшінші рет жеңілді, Сарыарқа Алматыны ойсырата ұтты

30 qazan
429

Қазақстан хоккей чемпионатындағы үзіліс алдында төрт матч өтті.

«Номад» осы маусымда Өскеменге жасаған екінші сапарында да ұпай жинай алмады. Бүгін «көшпенділер» қарсылас қақпасына бірде-бір шайба соға алмай, қатарынан үшінші жеңілісіне ұшырады. Ал алаң иелері осы жеңістен кейін лиганың турнирлік кестесінде жеке-дара көш бастады. «Торпедо» сапында Фёдор Хорошев дубль авторы атанса, тағы бір шайбаны Павел Жирнов соқты. Антон Осокин 26 соққыға тосқауыл болды.

«Торпедо» - «Номад» 3:0 (2:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 21:45 - Жирнов (Сағымбаев, Рахманов)

2:0 - 24:47 - Хорошев (Николаев, Гренц)

3:0 - 32:40 - Хорошев (Гренц, Прохоров) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Шестаков (Дударкиев, 32:40-58:09, 58:22-58:30)

«Арлан» Рудныйда «Горнякты» тағы да жеңді. Көкшетаулықтар сапында Тамерлан Бейсембиев, Алексей Пузанов, Андрей Кураков және Вячеслав Коротин мергендіктерімен көзге түсті. Қақпаға бағытталған 19 соққыны қайтарған Владимир Истомин өз еншісіне «құрғақ» матч жазды. Осы жеңістен кейін «көктаулықтар» үздік үштікке нық орнықты.

«Горняк» - «Арлан» 0:4 (0:0, 0:2, 0:2)

0:1 - 32:14 - Бейсембиев (Ищенко)

0:2 - 34:47 - Пузанов (Коротин, Санников) ГБ

0:3 - 47:46 - Кураков (Коротин)

0:4 - 54:26 - Коротин (Санников) ПВ

Қақпашылар: Никитин - Истомин

«Сарыарқа» «Алматымен» өткен қарымта кездесудің әр кезеңінде екі шайбадан соғып, қорғаныста да сенімді ойын көрсетті. Данил Кадочников өз қақпасына бағытталған 27 соққыны қайтарды. Қарағандылықтар сапында Руслан Дёмин дубль авторы атанды. Ал оңтүстік астанадан келген қонақтар құрамында жалғыз шайбаны Савелий Ольшанский соқты.

«Сарыарқа» - «Алматы» 6:1 (2:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 01:15 - Люлько (Борисевич, Волков)

1:1 - 03:29 - Ольшанский (Рымарев)

2:1 - 16:56 - Никулин (Дюкарев, Михайлов) ГБ

3:1 - 24:14 - Пономарёв (Божко, Пальмтаг)

4:1 - 36:44 - Дёмин (Сиксна, Михайлов)

5:1 - 50:02 - Дёмин (Степаненко, Преснов)

6:1 - 59:09 - Королинский (Лихотников)

Қақпашылар: Кадочников - Шпилев (Павлов, 52:29-60:00)

«Ертіс» пен «Ақтөбе» арасындағы қарымта кездесу нәтижелі өтті. Қонақтар тағы да басым түсіп, Павлодардан төрт ұпаймен оралды. Осылайша «Ақтөбе» «Бейбарысты» ығыстырып, маусымда алғаш рет плей-офф аймағына енді. Захар Захаров алаң иелерінің қақпасына соғылған төрт шайбаға үлес қосты (2+2). Қонақтар сапында Ян Хоменко да дубль авторы атанды. Ал «Ертіс» құрамында Михаил Гулый үш ұпай жинады (2+1).

«Ертіс» - «Ақтөбе» 4:7 (2:3, 1:2, 1:2)

1:0 - 03:26 - Кладов (Миллер, Гулый)

1:1 - 10:29 - Захаров (Плотников)

2:1 - 15:55 - Гулый (Пидяшов, Акпирганов) ГБ

2:2 - 16:52 - Калиниченко (Козорез)

2:3 - 18:11 - Плотников (Астраханцев, Захаров)

2:4 - 26:31 - Хоменко (Аипов)

3:4 - 26:58 - Гулый (Акпирганов)

3:5 - 38:45 - Захаров (Калиниченко)

4:5 - 43:17 - Мальцев (Миллер)

4:6 - 44:31 - Трибунский (Захаров, Плотников)

4:7 - 48:12 - Хоменко (Александров, Базанов) ГБ

Қақпашылар: Коваль (Челайдюк, 40:00-60:00) - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.