Шахтерлер астанасындағы буллиттер сериясы, Ақтөбе қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

29 qazan
351

Қазақстан чемпионатының Қарағанды және Павлодар қалаларында өтіп жатқан матчтарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Сарыарқа» мен «Алматы» командалары жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Оңтүстік астаналық ұжымға екі ұпайды тәжірибелі Евгений Рымарев әкелді. Ол бұған дейін ойын барысында да мергендік танытып, кездесуді овертаймға ұластырған еді. «Сарыарқа» сапында Владислав Никулин дубль авторы атанды.

«Сарыарқа» - «Алматы» 4:5 Б (2:2, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

1:0 - 00:28 - Карабань (Лихотников, Дюкарев)

2:0 - 01:14 - Никулин (Волков)

2:1 - 15:53 - Фокин (Литовченко)

2:2 - 16:18 - Гафаров (Перкин, Тарасов)

3:2 - 21:44 - Борисевич (Волков, Наместников)

3:3 - 26:14 - Ольшанский (Белоус, Айдуков)

4:3 - 48:19 - Никулин (Борисевич, Волков)

4:4 - 52:05 - Рымарев (Литовченко, Ольшанский) ГБ

4:5 - 65:00 - Рымарев ПБ

Қақпашылар: Кадочников - Шпилев

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалар арасындағы кездесуде «Ақтөбе» тағы да жеңіске жетті. Бұл команда үшін маусымдағы бесінші жеңіс болды. Павлодарлықтардың қақпасына Михаил Калиниченко екі шайба соқты, ал Станислав Александров үш нәтижелі пас берді.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 2:5 (1:2, 1:3, 0:0)

0:1 - 01:25 - Плотников (Захаров, Астраханцев)

0:2 - 12:04 - Астраханцев (Базанов, Трибунский)

1:2 - 15:20 - Гулый (Акпирганов)

1:3 - 21:10 - Калиниченко (Козорез, Александров)

2:3 - 26:33 - Евлоев (Кладов, Смелов)

2:4 - 29:29 - Калиниченко (Александров, Трибунский)

2:5 - 39:58 - Базанов (Александров, Комаров) ГБ

Қақпашылар: Тихонов (Челайдюк, 40:00-60:00) - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.