Торпедо бірінші орынға көтерілді, Горняк Арланға жол берді, ал Құлагер Бейбарыстан есесін қайтарды

29 qazan
387

Қазақстан чемпионатының Өскемен, Рудный және Петропавл қалаларында өтіп жатқан матчтарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Номад» Өскемендегі алғашқы матчта тағы да қақпашыны алаңнан шығарып, бос қақпамен ойнауды жаттықтыруға тырысты. Алайда елордалық ұжым жағдайды түзете алмады. «Торпедо» табанды жеңіске жетіп, елордалық қарсыласымен ұпай санын теңестірді. Ал қосымша көрсеткіштер бойынша Алексей Ждахин шәкірттері турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Алаң иелері сапында Дмитрий Гренц дубль авторы атанды. «Торпедоның» жаңадан қосылған ойыншысы Артём Николаев Pro Ligasy-ндағы, алғашқы матчында-ақ 3 (1+2) ұпай жинады.

«Торпедо» - «Номад» 6:3 (1:1, 1:1, 4:1)

1:0 - 08:55 - Гренц (Николаев, Панченко)

1:1 - 13:24 - Шульга (Цыбин, Түсіпбеков)

2:1 - 29:26 - Николаев (Гренц, Хорошев) ГБ

2:2 - 38:41 - Гросс (Маңғысбаев, Никитин) ГБ

2:3 - 41:06 - Гросс (Бойко, Королёв)

3:3 - 45:18 - Гренц (Николаев, Хорошев) ГБ

4:3 - 52:51 - Данияр (Бутенко, Гатиятов)

5:3 - 59:00 - Гатиятов (Жирнов, Осокин) ПВ

6:3 - 59:33 - Гусейнов (Данияр, Гатиятов) ПВ

Қақпашылар: Осокин - Шестаков

«Арлан» тартысты өткен кездесуде «Горняктың» қарсылығын еңсерді. Көкшетаулықтарға жеңіс әкелген шайбаның авторы тағы да Степан Санников атанды. Андрей Кураков әріптестеріне екі нәтижелі пас берді. Ал Денис Каратаев 26 соққыны қайтарды.

«Горняк» - «Арлан» 2:3 (0:1, 1:1, 1:1)

0:1 - 11:59 - Коротин (Кураков, Пузанов)

0:2 - 21:26 - Касенов (Шапоров, Ибраев)

1:2 - 32:15 - Юлбарисов (Гурин, Стулов) ГБ

1:3 - 41:33 - Санников (Кураков)

2:3 - 59:59 - Платонов (Гурин, Юлбарисов) ГБ

Қақпашылар: Никитин - Каратаев

«Құлагер» қарсылас қақпасына 56 соққы бағыттап, нәтижесінде «Бейбарыстан» жігерлі ойынның арқасында есесін қайтарды. Петропавлдықтарға жеңіс әкелген шайбаларды Александр Гопиенко, Евгений Попитич және Александр Своеволин соқты. Осы жеңістен кейін Андрей Спиридонов шәкірттері турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

«Құлагер» - «Бейбарыс» 3:2 (0:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 12:45 - Шишов (Дорофеев, Авдеенко)

0:2 - 34:34 - Авдеенко (Гусев, Гусейнов) ГБ

1:2 - 36:27 - Гопиенко (Маркабаев)

2:2 - 37:27 - Попитич (Исмагилов)

3:2 - 47:38 - Своеволин (Гребенщиков, Муканов)

Қақпашылар: Дубинскас - Шефер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.