Номад Ақтөбенің жеңілістер сериясын жалғастырды

19 qyrkúıek
188

Pro Ligasy аясындағы сенбі күнінің жалғыз матчы Ақтөбеде өтті.

Елдің қазіргі чемпионы «Номад» «Ақтөбеге» еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл ретте «көшпенділер» кезекті рет нәтижелі ойын көрсетіп, алаң иелерінің қақпасына алты шайба соқты. Елордалық ұжым сапында Абай Маңғысбаев дубль жасады. «Ақтөбе» үш шайба соққанына қарамастан, жеті матчқа созылған жеңілістер сериясын әзірге тоқтата алмады.

«Ақтөбе» - «Номад» 3:6 (1:2, 1:3, 1:1)

1:0 - 07:37 - Базанов (Аипов)

1:1 - 14:43 - Маңғысбаев

1:2 - 19:44 - Бейсембаев

1:3 - 24:26 - Ибрагим (Двуреченский, Сүлейменов)

1:4 - 25:13 - Цыбин (Симонов, Королёв)

2:4 - 34:45 - Александров (Махамадеев, Зизевских)

2:5 - 39:50 - Бойко (Мерзликин)

2:6 - 43:12 - Маңғысбаев (Бойко, Ситников) ГБ

3:6 - 43:47 - Аипов (Комаров, Құрсақбаев)

Қақпашылар: Костюков (Шарипов, 43:12-60:00) - Шестаков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.