Өскемендегі овертайм, Арлан көш басында, Кудрявцев Ертісті өз қақпасына жуытпай жеңді, Литовченконың хет-тригі Алматыға маусымдағы алғашқы үй матчында жеңіс әкелді

16 qyrkúıek
534

Қазақстан чемпионатындағы тартысты ойын күні жанкүйерлерге төрт кездесу сыйлайды.

Өскемендегі алғашқы матч барысында «Құлагер» 0:2 есебінен таразы басын теңестірді, алайда алаң иелері овертаймда шайба соғып, жеңіске қол жеткізді. Кездесудің қаһарманы Павел Жирнов атанды.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:2 ОТ (0:2, 1:0, 1:0, 1:0)

0:1 - 10:06 - Анисимов (Боровков)

0:2 - 13:40 - Штефан (Хусаинов)

1:2 - 38:07 - Колобов (Быков, Жирнов)

2:2 - 50:11 - Рахманов (Бутенко, Мухаметов)

3:2 - 60:23 - Жирнов

Қақпашылар: Кудрявцев - Дубинскас

«Ертіс» Павлодардағы алғашқы ойында «Горнякқа» қарсы ештеңе істей алмады. Алаңиелерініңқақпасынажауапсыз 10 шайбасоғылды. РудныйкомандасыныңтәжірибеліқақпашысыАлександрКудрявцевқақпасынголданамансақтап, «құрғақ» матчөткізді. Қонақтар сапында Дмитрий Стулов, Данила Платонов және Оскар Юлбарисов 3 ұпайдан (барлығы 1+2) жинады.

«Ертіс» - «Горняк» 0:10 (0:2, 0:5, 0:3)

0:1 - 11:44 - Катков (Буйван, Канкин)

0:2 - 13:23 - Платонов (Яковлев)

0:3 - 24:26 - Гурин (Юлбарисов, Куршук) ГБ

0:4 - 27:49 - Юлбарисов (Гурин, Стулов)

0:5 - 28:06 - Буйван (Канкин, Утебаев)

0:6 - 37:44 - Ляпунов (Платонов) ГМ

0:7 - 39:23 - Стулов (Кудрявцев, Манажанов)

0:8 - 43:14 - Шингареев (Юлбарисов, Стулов) ГБ

0:9 - 44:05 - Рахимов (Горожанинов, Рязанов)

0:10 - 45:06 - Пархоменко (Платонов, Яковлев)

Қақпашылар: Челайдюк (Коваль, 28:06-60:00) - Кудрявцев

«Бейбарыс» пен «Арланның» қарымта кездесуінде барлығын көкшетаулықтар соққан жалғыз шайба шешті. «Көкшеліктерге» жеңісті Андрей Кураковтың голы мен 21 соққыны қайтарған Денис Каратаевтың сенімді ойыны әкелді. Осы жеңістен кейін номиналды қонақтар турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

«Бейбарыс» - «Арлан» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 43:36 - Кураков (Коротин)

Қақпашылар: Байдек - Каратаев

«Алматы» маусымдағы алғашқы үй матчын сәтті өткізіп, чемпионат көшбасшыларының бірі «Сарыарқаны» жеңді. Қарағандылықтар бұл ретте негізгі уақытта алғаш рет жеңіліс тапты. Кездесудің басты қаһарманы хет-трик жасаған Вячеслав Литовченко атанды. Савелий Ольшанский қарсылас қақпасына екі шайба соқса, Евгений Рымарев серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді.

«Алматы» - «Сарыарқа» 6:3 (3:0, 1:2, 2:1)

1:0 - 05:31 - Литовченко (Сапарбек)

2:0 - 11:44 - Литовченко (Рымарев, Ольшанский) ГБ

3:0 - 16:40 - Ольшанский (Рымарев)

4:0 - 28:51 - Ольшанский (Литовченко, Рымарев) ГБ

4:1 - 29:38 - Карабань (Никулин, Лихотников)

4:2 - 36:36 - Дёмин (Сиксна, Люлько)

4:3 - 40:44 - Лихотников (Борисевич, Сиксна) ГБ

5:3 - 46:03 - Бурделёв (Ольшанский)

6:3 - 59:59 - Литовченко (Рымарев) ПВ

Қақпашылар: Шпилев - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.