Қазақстан чемпионаты Көкшетауда өткен бір кездесумен жалғасты.
Бүгін номиналды қонақтар ретінде мұз айдынына шыққан «көкшетаулықтар» кездесудің бастапқы бөлігін қарқынды өткізіп, сегізінші минуттың соңына қарай «Бейбарыс» қақпасына екі шайба соғып үлгерді. Андрей Кураков пен мергендік сериясын төрт ойынға дейін ұзартқан Степан Санников гол авторлары атанды. «Арланның» басымдығын Игорь Ищенко арттырды. Кездесудің бел ортасында Руслан Телгожаев матчтың көрігін қайта қыздырғандай болды. Алайда қалған уақытта көкшетаулықтардың қорғанысы қателікке бой алдырмады. Владимир Истомин кездесуді 36 сейвпен аяқтады.
«Бейбарыс» - «Арлан» 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)
0:1 - 04:28 - Кураков (Истомин, Санников)
0:2 - 07:27 - Санников (Кураков)
0:3 - 21:57 - Ищенко (Шапоров, Кисель)
1:3 - 29:20 - Телғожаев (Гусейнов, Шишов)
Қақпашылар: Микушин (Байдек, 21:57-60:00) - Истомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak