Степан Санников – Қазақстан чемпионатының екінші аптасының ойыншысы

14 qyrkúıek
333

Назарларыңызға Pro Ligasy-ның екінші аптасының басты қаһарманын ұсынамыз.

Степан Санников өткен аптада «Арланға» үш матчтың екеуінде жеңіске жетуге көмектесті. Тәжірибелі шабуылшы үш кездесудің әрқайсысында гол соғып, оның бірінде покер жасады. Жалпы апта қорытындысы бойынша ол 9 (6+3) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткішін +5 деңгейінде тіркеді. Сондай-ақ соққыларды голға айналдыру көрсеткіші өте жоғары болды – 42,86%.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.