Құлагер Рудныйда есе қайтарды, Арлан Ақтөбеден 4 ұпаймен оралды

12 qyrkúıek
340

Сенбі күні шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланған.

Рудныйда өткен «Горняк» пен «Құлагер» арасындағы екінші кездесу де буллиттер сериясында аяқталды. Владимир Боровков тағы бір тамаша матч өткізіп, өз еншісіне 5 (2+3) ұпай жазды. Осы жеңістен кейін петропавлдықтар чемпионат көшбасшыларының үздік үштігіндегі орнын нығайтты.

«Горняк» - «Құлагер» 4:5 Б (0:2, 2:2, 2:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 14:55 - Боровков (Анисимов)

0:2 - 16:35 - Чапоров (Боровков, Гребенщиков) ГБ

1:2 - 24:44 - Кротов (Куршук, Шингареев) ГБ

1:3 - 31:16 - Гребенщиков (Боровков, Мартынов) ГБ

2:3 - 31:17 - Рахимов (Пархоменко, Ляпунов)

2:4 - 33:26 - Анисимов (Боровков)

3:4 - 49:55 - Шингареев (Юлбарисов) ГБ

4:4 - 54:33 - Канкин (Буйван, Катков)

4:5 - 65:00 - Боровков ПБ

Қақпашылар: Никитин - Дубинскас

«Ақтөбе» мен «Арлан» арасындағы кездесу де тоғыз голмен аяқталды. Бүгін де көкшетаулық хоккейшілер дәлірек болды. Финалдық сиренаға 4 минут қалғанда Игорь Ищенко шешуші шайбаның авторы атанды. «Көкшетаулықтар» алты ойындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал ақтөбеліктер әзірге өз ойынын таба алмай келеді және қатарынан алты рет жеңілген күйі келесі турға дайындалуда.

«Ақтөбе» - «Арлан» 4:5 (1:2, 3:1, 0:2)

1:0 - 01:35 - Шайкенов (Захаров, Плотников) ГБ

1:1 - 03:59 - Санников (Басов, Коротин) ГБ

1:2 - 11:02 - Бейсембиев

2:2 - 22:41 - Аипов (Киселёв)

3:2 - 29:58 - Александров (Хоменко, Поленов)

3:3 - 34:52 - Шапоров (Ибраев, Беляев)

4:3 - 38:41 - Захаров (Зизевских) ГБ

4:4 - 49:54 - Басов (Пузанов, Коротин) ГБ

4:5 - 56:02 - Ищенко (Касенов)

Қақпашылар: Дубович - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.