Боровковтың хет-тригі Кулагерді Горняктың ғаламат камбэгінен құтқара алмады, Санниковтың покері Арланға жеңіс сыйлады, Торпедо Қарағандыда есе қайтарды

11 qyrkúıek
384

Рудный, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының матчтарын назарда ұстаймыз.

«Құлагер» «Горнякқа» қарсы түздегі кездесудің ортасына қарай төрт шайба айырмасымен алда келе жатты. Алайда кейін рудныйлықтар есепті теңестіруге бар күшін салып, матчтың аяқталуына 9 секунд қалғанда Владимир Кротовтың дәл соққысынан кейін мақсатына жетті. Алаң иелері жеңілістен құтылып қана қоймай, буллиттер сериясында жеңіске жетіп, 2 ұпайды еншіледі. Шешуші буллиттің авторы дубль жасаған Валерий Гурин болды. Қонақтар сапында Владимир Боровков хет-трик жасады, алайда бұл оның командасына тек 1 ұпай алуға мүмкіндік берді.

«Горняк» - «Құлагер» 6:5 Б (0:2, 2:3, 3:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 11:23 - Борисов (Попитич)

0:2 - 12:55 - Боровков (Гребенщиков, Чапоров)

0:3 - 21:27 - Анисимов (Воробьёв) ГМ

0:4 - 27:33 - Боровков (Анисимов, Чапоров)

1:4 - 29:02 - Катков (Канкин)

2:4 - 33:50 - Пархоменко (Шингареев)

2:5 - 39:08 - Боровков

3:5 - 46:47 - Гурин (Юлбарисов, Куршук)

4:5 - 51:06 - Юлбарисов (Шингареев, Гурин)

5:5 - 59:51 - Кротов (Юлбарисов) ГБ

6:5 - 65:00 - Гурин ПБ

Қақпашылар: Мейдер - Янков

Степан Санниковтің тамаша ойыны «Арланға» «Ақтөбені» жеңуге көмектесті. Көкшетаулық команданың шабуыл көшбасшысы бүгін покер жасап, бір нәтижелі пас беріп, қонақтардың барлық голдық шабуылына қатысты. «Арлан» қақпашысы Денис Каратаевтың еншісінде 33 сейв бар. «Ақтөбе» сапында Максим Базанов екі гол соқты.

«Ақтөбе» - «Арлан» 2:5 (0:1, 1:1, 1:3)

0:1 - 00:43 - Санников (Коротин)

0:2 - 30:46 - Санников (Беляев)

1:2 - 39:52 - Базанов (Александров, Козорез) ГБ

2:2 - 44:44 - Базанов ГМ

2:3 - 45:00 - Санников (Кураков, Пузанов) ГБ

2:4 - 46:35 - Санников (Коротин, Пузанов)

2:5 - 59:17 - Коротин (Санников, Басов) ПВ

Қақпашылар: Дубович - Каратаев

«Сарыарқа» мен «Торпедо» арасындағы екінші кездесу тек буллиттер сериясында аяқталды. Бүгін өскемендіктерге жеңісті шешуші буллитті сәтті орындаған Павел Жирнов әкелді. Жалпы оның еншісінде 1+1 ұпай бар. Сергей Кудрявцев қарсыластың есепті өзгертуге бағытталған 28 соққысын қайтарып, командасын құтқарды.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 2:3 Б (2:1, 0:1, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 02:46 - Лихотников

1:1 - 05:37 - Гусейнов (Гатиятов) ГБ

2:1 - 17:35 - Сиксна (Борисевич, Лихотников) ГБ

2:2 - 26:18 - Прохоров (Жирнов, Быков)

2:3 - 65:00 - Жирнов ПБ

Қақпашылар: Кадочников - Кудрявцев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.