Мерзликиннің дублі мен нәтижелі пасы Номадқа Алматыны екінші рет жеңуге көмектесті, Бейбарыс Ертістен тағы да басым түсті

11 qyrkúıek
329

Астана мен Павлодарда өтіп жатқан Pro Ligasy матчтарын бақылаймыз.

«Алматы» елордада ұпай еншілей алмады. Қарымта кездесу де «көшпенділердің» айқын басымдығымен өтті. Ойынның қаһарманы «Номад» шабуылшысы Никита Мерзликин болды. Ол 2 шайба соғып, серіктестеріне 1 нәтижелі пас берді.Константин Пушкарёв шәкірттері үшін бұл жеңіс биылғы маусымдағы бесінші жеңіс болды.

«Номад» - «Алматы» 6:1 (1:0, 3:1, 2:0)

1:0 - 15:25 - Китаров (Мерзликин)

1:1 - 21:27 - Рымарев (Ольшанский, Литовченко) ГБ

2:1 - 33:38 - Мерзликин ГМ

3:1 - 38:01 - Мерзликин (Китаров, Никитин)

4:1 - 38:32 - Ситников (Бойко, Макаров)

5:1 - 45:21 - Двуреченский (Мигунов)

6:1 - 50:20 - Маңғысбаев (Двуреченский)

Қақпашылар: Дударкиев (Лыткин, 46:33-60:00) - Шпилев (Павлов, 44:18-60:00)

«Бейбарыс» үшінші кезеңдегі нәтижелі ойынының арқасында Павлодардан 4 ұпаймен оралды. Қонақтар сапындағы қорғаушы Данияр Білімбаев дубль жасады. Еліміздің шығысындағы сәтті сапардан кейін атыраулықтар чемпионаттың үздік сегіз командасының қатарына сенімді түрде енді.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 1:8 (1:1, 0:1, 0:6)

0:1 - 02:36 - Еркінов (Гусев, Актаев)

1:1 - 14:59 - Акпирганов (Пидяшов)

1:2 - 28:30 - Орлов (Гасников, Дорофеев)

1:3 - 47:00 - Білімбаев (Гасников, Дорофеев)

1:4 - 47:42 - Шишов (Асуханов, Гусейнов)

1:5 - 50:15 - Білімбаев (Орлов, Гусев)

1:6 - 50:50 - Авдеенко (Шишов, Гусейнов)

1:7 - 52:17 - Казаченко (Ковзалов, Ербатыров)

1:8 - 53:06 - Актаев (Юдин, Ткачев)

Қақпашылар: Челайдюк (Коваль, 50:50-60:00) - Байдек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.