Сарыарқа – турнирдің екінші финалисі

24 tamyz
529

«Сарыарқа» мен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық тартыс кеншілер астанасы командасының жеңісімен аяқталды.

Ойынның бастапқы бөлігінде үш мәрте кем құрамда ойнағанына қарамастан, қарағандылықтар қарсыласына қарағанда сәл белсендірек көрінді. Алайда Владимир Князевтің шәкірттері өз басымдығын тек ойынның ортасында голға айналдыра алды. Алдымен Эдгарс Сиксна артық ойыншының басымдығын пайдаланды, ал біраз уақыттан кейін Александр Борисевич төменнен дәл соғып, «Ақтөбе» қақпашысы Максим Дубовичті тағы да қателесуге мәжбүр етті. Екінші үзіліске бес секунд қалғанда Данила Карабань жеңімпаз мәселесін түбегейлі шешкендей болды.

Алайда үшінші кезеңнің басында Максим Базанов басым құрамдағы ойында шайба соқты. Ал кезеңнің соңына қарай Владислав Комаров кездесудегі тартысты қайта жандандырды. Дегенмен Виталий Казарин шәкірттерінің бұдан артыққа шамасы жетпеді. Қазақстан кубогінің финалында жанкүйерлерді «Торпедо» мен «Сарыарқа» арасындағы тартыс күтеді.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 3:2 (0:0, 3:0, 0:2)

1:0 - 30:16 - Сиксна (Борисевич, Карабань) ГБ

2:0 - 33:45 - Борисевич (Никулин, Дюкарев)

3:0 - 39:55 - Карабань (Степаненко, Волков)

3:2 - 42:04 - Базанов (Захаров, Хоменко) ГБ

3:2 - 58:02 - Комаров (Козорез, Александров)

Қақпашылар: Кадочников - Дубович


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.